Date of publication: 13.09.2017 11:36
Date of changing: 13.09.2017 11:37

  2017 жылдың 7 қыркүйегінде «Қазақстан-Петропавл» телеканалында «Өз аузынан» бағдарламасына Солтүстік Қазақстан облысы бойынша мемлекеттік кірістер Департаментінің құқыққорғау блогы бойынша басшысы орынбасарының м.а.– Ерлан Жанғазыұлы Битанов қатысты.

Ерлан Битанов Департаменттің экономикалық тексеру қызметінде жұмыстың қандай басты бағыттары атқарылып жатқанын, қандай нәтижелерге жеткендері туралы айтты.

Экономикалық тексеру қызметі құқыққорғау блогы болып табылады, оған жедел-тексеру бөлімшелері кіреді, олардың қызметі Қазақстан Республикасы заңнамасымен осы органның құзыретіне берілген заңбұзушылықтар мен қылмыстардың алдын-алу, ашу, жою.

2017 жылдың 8 айында орындауда 129 қылмыстық іс болды.   109 қылмыстық іс орындалды. Аяқталған қылмыстық істер бойынша анықталған шығын сомасы 1 млрд 531 млн.теңге,  өндірілгені - 77 млн. теңге.

Ол экономикалық заңбұзушылықтарға қатысты «Құқыққорғау жүйесін жетілдіру сұрақтары бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Заңына енгізілген негізгі түзетулер туралы айтты. Енгізілген заңға сәйкес экономикалық сферадағы бір қатар қылмыстық заңбұзушылықтар бойынша келтірілген шығынды толық өтеген жағдайда, тұлғаны қылмыстық жауапкершіліктен босату туралы, жалғанкәсіпкерлік үшін жауапкершілік алып тастау, айыппұлдар мөлшерлерін төмендету бойынша толықтырулар енгізілді.

Жүргізіліп жатқан реформадағы азаматтардың құқығын қорғау деңгейін көтерудегі маңызды аспектердің бірі ретінде, тұтқындау түрінде жол кесу шараларын пайдаланбау бойынша негіздердің тізімін ұлғайтуды анықтау ұсынылады.

Спирттік ішімдіктерді шығару, сақтау және сату сферасындағы заңсыз кәсіпкерлік фактілері көрсетілді.

Сонымен, ағымдағы жылда Департаменттің экономикалық тексеру қызметімен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолы кесілді, көп мөлшерде жасанды есептік-бақылау маркаларымен басылған алкоголді өнімдерді сақтау, тасу және сатуға байланысты  заңсыз кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

Ерлан Жанғазыұлы телекөрермендерге заңсыз алкоголді өнімді анықтауға арналған мобилдік қосымшаның шыққанын айтты. Онымен азамат алкоголді өнімдерді сататын кез келген сауда орнында қосымшада акциздік марканы сканерлеу арқылы алатын өнімінің шынайылығына көз жеткізе алады.

Ағымдағы жылдың 1 қыркүйегіне Солтүстік Қазақстан облысы аумағында   Вайпон мобилдік қосымшасымен 181 781   есептік-бақылау маркалары сканерленген.

2017 ж. тамыз айынан алкоголді өнімдерді бөлшек және көтерме сауда жасаушылар үшін Вайпон-про жүйесі енгізілді, 49 907 ЕБМ сканерленген.

 МКК «Call-орталығының» бірыңғай қолданыстағы «1412» номері (88000806452 мобилді байланыста) – ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер Комитетінің сенім телефоны жария етілді, оның негізгі міндеті азаматтарға экономикалық заңбұзушылықтарға қарсы күрес сұрақтары бойынша тегін консультация беру және елдің кез келген жерінен осындай заңбұзушылықтар туралы телефондардан мәліметтерді қабылдау.

Сонымен қатар, Департаментте де осыған қоса сенім телефоны (8-7152-46-33-29) жұмыс істейді, ол бойынша да экономикалық заңбұзушылықтарға қарсы күрес сұрақтары жөнінде хабарласуға болады.

Сөз соңында Ерлан Битанов  «Өз аузынан» бағдарламасына телекөрермендермен кездесу мүмкіндігі берілгеніне алғысын білдірді. Алынған жоспарларының біздің мемлекетіміздің игілігі үшін орындала беруіне сәттілік пен табыстар тіледі.