Date of publication: 18.03.2017 17:07
Date of changing: 24.03.2017 09:52

2016 жылғы 18 наурызда көктем  жаршысы Наурыз мейрамы алдында департаменттің басшысы   Д.Жанәлінов ұжымды  құттықтады:    

Жер-Ананы  жасандыра келетін көктем жаршысы-Наурыз мейрамындағы ізгі ниетімді қабыл алыңыз. Табиғаттың жаңарып-жасаратын, күлімдеген күн көзінің ата-анадай мейірім шуағын шашып, адамзат жүрегіне ізгілік пен қуаныш нұрын төгетін Ұлыстың ұлы күні ырыс-берекенің басы болсын! Осынау ұлы мейрам Сізге және жақындарыңызға зор денсаулық, құт пен бақыт, өміріңізде жаңа белестер мен жеңістер алып келсін деген жүрек жарды тілегімді білдіремін.

        Осы күні департамент  қызметкерлері   шарлар мен ленталар ілініп, мерекелік безендірілген, Петропавл қ. бойынша ақпаратты қабыдау және өңдеу орталығында келушілерді қарсы алды.

Келушілер үшін ұлттық нақышта   киінген  өкілдермен қазақ, орыс, өзбек, татар, кавказ және украин  тағамдары  ұсынылған    6 меркелік дастархан жайылды. 

Мекрекелік көңіл-күйді көтергені  және  дәмді ас үшін алғыстарын білдірді,әр тағамды аса бағалады.  

Баршаңызды Наурыз мейрамымен құттықтаймыз!

Осы көктем жаңару күнімен сіздердің шаңырақтарыңызға жақсылық, сәттілік, өзара түсіністік, береке тілеймін.