Date of publication: 18.03.2017 12:09
Date of changing: 18.03.2017 12:10

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Д. Жанәлінов 2016 жылғы қорытынды бойынша және 2017 жылға алдағы міндеттер бойынша кеңейтілген кеңес өткізді.

 Кеңеске қатысушылардың құрамына мемлекеттік кірістер басқармаларының облыстық департамент басшылары, аумақтық басқарма басшылары кірді. 

 2016 жылғы республикалық және жергілікті бюджеттердің кірістері бойынша және ағымдағы жылдың 1-тоқсанына болжамды көрсеткіштерді орындау  бойынша жоспардың орындалуының қорытындысы бойынша Талдау және тәуекелдер басқармасының басшысы Г.С. Жүсіпова баяндады.

 Одан басқа, күн тәртібіне сәйкес салықтар, МЗЖ, МКЗЖ, ӘА бойынша қарызды өндіріп алу тиімділігі бойынша, сол сияқты өндірістік емес төлемдерді әкімшілендіру бойынша (баяндамашы- Борыштармен жұмыс бойынша басқарманың басшысы Салкеев К.Д. және Мемлекеттік қызмет көрсетулер басқармасының басшысы Әдиева А.Ж.) мәселелер қаралды.

Отырыстың қорытынды бөлігінде 2016 жылғы қорытынды бойынша рейтинг бағасымен 4 соңғы орындарды алған, мемлекеттік кірістер аумақтық басқармалары басшыларының есептері тыңдалды.

 СҚО бойынша МКД басшысының 2017 жылдың аяғына дейін алда тұрған міндеттер жарияланды, оның ішінде ең негізгісі бюджеттің барлық деңгейлері бойынша болжамды көрсеткіштерді орындау болыр табылады.  

 

 

                                                                       СҚО бойынша МКД